Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың есептілік беру тәртібі туралы

Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың есептілік беру тәртібі туралы

«Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы №73 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы №103 бірлескен қаулысы қабылданды. 

Қаулы «Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы №1042 Жарлығының 13-тармағын орындау және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  қаржы нарығын реттеу  және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулыда есептілік берудің нысандарын, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік беру тәртібін белгілеу көзделеді.

Құжат цифрлық қаржы активтерін дамыту және енгізу жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz