Агенттіктің қызметшілерімен еңбек шартын лауазымға тағайындау және тоқтату қағидалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерімен еңбек шартын лауазымға тағайындау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің нормаларын Агенттік қызметшісін лауазымға тағайындау мәселелері бөлігінде ҚР заңнамасына сәйкес келтіруді көздейді, сондай-ақ редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізілді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы