О правилах клиринговой деятельности по сделкам с финансовыми инструментами

О правилах клиринговой деятельности по сделкам с финансовыми инструментами

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 15 маусымдағы № 95 қаулы қабылдағанын хабарлайды.  

 

Қаулымен клирингтік ұйымның функцияларын кеңейту көзделеді. Қамтамасыз етудің жеткіліктілігін қабылдаудан, есепке алудан және бақылаудан басқа клирингтік ұйымға қамтамасыз етуді сақтау және қайта бағалау, сондай-ақ Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің есеп айырысуларының аяқталуын қамтамасыз ету жүйелері шеңберінде қатысушылардың міндеттемелерін орындамау жағдайларын реттеу жөніндегі қосымша функциялар беріледі.

 

Бұдан басқа, клирингтік мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында қамтамасыз етуді пайдаланумен қатар, оны Ұлттық Банктің төлем жүйелерінде банкаралық есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкіндігі көзделеді.

 

Қаулының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz