НҚА терминологиясын Конституцияға сәйкестендіру туралы

НҚА терминологиясын Конституцияға сәйкестендіру туралы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының уақытша әкімшіліктерінің және тарату комиссияларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасының мақсаты:
қаржы нарығын реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминологияны 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 6 қыркүйектегі №984 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Ережеге өзгеріс енгізіліп, Ұлттық Банктің клиенттерге банктік қызмет көрсетуін тікелей көздейтін норманы алып тастау.
Қазақстан Республикасының бірінші деңгейдегі банкі және мемлекеттік органы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне жүктелген мемлекеттік мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін клиенттерге банктік қызмет көрсетеді.
Клиенттерге операциялық банктік қызметтер көрсету (Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін іске асырудан тыс) Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің құзыретіне жатады. Екінші деңгейдегі банктің ықтимал дефолтына байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында банктік шоттарды жүйелік маңызы бар екінші деңгейдегі банктерде ашу жөніндегі талаптар көзделеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы