Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасының қызметі мәселелері туралы

Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасының қызметі мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеуді жетілдіру және қор биржасының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қор биржасының қызметін жетілдіру, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жекелеген нормаларын «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңға сәйкес келтіру мақсатында, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) талаптарын ескере отырып әзірленді.

Жобада:

-        балама қаржы құралдарына инвестицияланған және «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-тың сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерінің әділ құнын айқындау және тану тәртібін белгілеу;

- шетелдік заңды тұлғалар үшін қор биржасына мүшелік шарттарын IOSCO халықаралық стандарттар мен IOSCO талаптарына сәйкес келтіру;

-        Ұлттық Банкке валюталық реттеу мақсатында бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және шетел валютасына қатысты өзге де тұлғалардың іс-қимыл өлшемдерін мониторингтеуді қамтамасыз ететін қор биржасының бағдарламалық қамтылымына қолжетімділік беру;

- Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкестікке келтіру көзделеді.

Сонымен қатар, қолданыстағы нормаларды «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша редакциялық өзгерістер енгізу көзделеді.

Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz