НҚА терминологиясын Конституцияға сәйкестендіру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.
Қаулы жобасы кейбір нормативтік құқықтық актілердегі терминологияны 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының мақсаты - қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминологияны Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру.
Бұл түзетулер қолданыстағы заңға тәуелді актілер мен Конституция ережелері арасындағы терминологиялық алшақтықтарды жояды, құқық қолдану тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89