Жүйелік маңызы бар банктердің акцияларын сату тәртібі және мемлекеттік қаражатты өтеу шарттары туралы

Жүйелік маңызы бар банктердің акцияларын сату тәртібі және мемлекеттік қаражатты өтеу шарттары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке жүйелік маңызы банктің акцияларын сату, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сату қағидаларын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкті реттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты көрсетілген банктің болашақ таза пайдасынан ішінара өтеу (жабу) шартымен немесе осындай өтеусіз (жабусыз) көрсетілген сату жүзеге асырылатын өлшемшарттарды, сондай-ақ көрсетілген өтеудің (жабудың) мөлшерлерін, мерзімдерін және өзге де талаптарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба мемлекеттің жүйелік маңызы бар банкті оның акцияларын не тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы реттеуге қатысу тәртібін белгілеуге бағытталған, сондай-ақ осындай акцияларды кейіннен жаңа инвесторға сатудың талаптары мен тәртібін айқындайды.

Бұдан басқа, жобада жүйелік маңызы бар банкті реттеу барысында пайдаланылған республикалық бюджет қаражатын және өзге де мемлекеттік қаражатты ықтимал ішінара өтеудің өлшемшарттары мен өлшемдері белгіленеді.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты