Сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері туралы

Сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба үш нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Негізгі өзгерістер мен толықтырулар:

- нормаларды ҚР жаңа Конституциясына және ҚР Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру мақсатында құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша редакциялық өзгерістер енгізуге;

- инвестицияларға, мемлекеттік білім беру жинақтаушы сақтандыруға (МББЖС) және зейнетақы аннуитетіне қатысу талабы бар шарттарды қоспағанда, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сатып алу сомасы шегінде қарыз алу мүмкіндігін беруге;

- сақтандыру агенті туралы ақпаратты сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың көруі және танысуы (оның ішінде интернет-ресурстарда) үшін қолжетімді жерде орналастыру туралы талаптарды белгілеуге қатысты болады.

Құжаттың мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсының «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/1023207?lang=kk) және «Ашық НҚА» порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15844751) танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

 press@finreg.kz

Қызмет бағыты