Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және өзектендіру тәртібін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 90-бабын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобада реттеу жоспарының мазмұнына, реттеу жоспарларын әзірлеу және өзектендіру тәртібіне қойылатын талаптар айқындалады.
Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Қызмет бағыты