Банктердің клиенттердің операцияларын зерделеу және бейрезиденттерге банктік шоттар ашу рәсімдерін оңтайландыру кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Құжат қаржы ұйымдарына артық реттеушілік жүктемені азайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба банктердің клиенттердің операцияларын мониторингтеу, зерделеу және талдау және Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне банктік шоттар ашу рәсімдерін оңтайландыру кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануын көздейді.
Бұдан басқа, жобада клиенттердің жекелеген санаттарын нақтылайтын редакциялық түзетулер және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәжірибесін ескере отырып, оларды бағалау тәсілдерін қайта қарау, сондай-ақ қашықтан қаржылық қызметтерді ұсынумен байланысты жекелеген рәсімдерді өзектендіру көзделген.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы