Реттеу құралдарын қолдану қағидалары туралы

Реттеу құралдарын қолдану қағидалары туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті реттеу құралдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын әзірледі.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 93, 95-98-баптарын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жобада банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау, банк акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату жүргізу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) беру, тұрақтандыру банкін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ оған активтер мен міндеттемелерді беру тәртібі белгіленеді.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы  коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты