Банктің қаржылық орнықтылығы нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін белгілеу туралы

Банктің қаржылық орнықтылығы нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін белгілеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын қаржылық-экономикалық және өзге де белгілердің мәндерін белгілеу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы банктердің қаржылық жағдайының нашарлау тәуекелдері мен сатыларын уақтылы анықтау мақсатында банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын қаржылық-экономикалық және өзге де белгілердің мәндерін белгілеу үшін 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 85-бабы 2-тармағының екінші бөлігін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Құжатта банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын сандық және сапалық белгілер, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың тиісті режимін айқындауға мүмкіндік беретін олардың шекті мәндері көзделген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz