Жүйелік маңызы бар банктер үшін шығындарды жабу қабілетін қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат 2026 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 86-бабы 4-тармағының екінші бөлігін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жоба жүйелік маңызы бар банктер үшін жалпы шығындарды сіңіру (жабу) қабілетін қамтамасыз ететін құралдар (TLAC) бойынша міндеттемелердің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілеуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты