Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидалары, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің  болу өлшемшарттарын, жүзеге асырылудың үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 91-бабы 3-тармағының бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жоба жүйелік тәуекелдерді айқындау, банк жүйесіне теріс әсер ету тәуекелдерін бағалау және критикалық маңызды функциялардың жүзеге асырылуының үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін тәсілдерді қоса алғанда, банк өміршеңдігін бағалау тәртібін белгілеуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты