Банктің және бейрезидент банкі филиалының қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 88-бабы 4-тармағының екінші бөлігін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Қаулыныңжобасыбанктердің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты