Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Агенттік Басқармасының және Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен  қаулысының жобасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру қағидаларын, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының және Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен  қаулысының жобасын әзірледі. Осы құжат Бюджет кодексінің 17-бабы 2-тармағының төртінші бөлігін іске асыру мақсатында әзірленді.

Жоба жүйелік маңызы бар банкті реттеуді көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ осындай жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тетіктерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Управление внешних коммуникаций

press@finreg.kz

Қызмет бағыты