Жүйелік маңызы бар банкті реттеудің жекелеген мәселелері туралы

Агенттік Басқармасының және Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен  қаулысының жобасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидаларын, мөлшерлері мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының және Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен  қаулысының жобасын әзірледі. Осы құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 100-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасында жүйелік маңызы бар банктер мен ҚР бейрезидент банктері филиалдарының банкті реттеу салдарынан келтірілген залалдарды өтеу үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидалары, мөлшерлері мен мерзімдері белгіленеді.

Осы құжат банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының банкті реттеу кезінде туындаған залалардарды өтеу мақсатында міндетті ақшалай жарналарды төлеу тәртібін құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты