ЦҚА базалық активін айқындау, есепке алу және сақтау тәртібі және оны сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар туралы

ЦҚА базалық активін айқындау, есепке алу және сақтау тәртібі және оны сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы 2026 жылғы 20 сәуірдегі «Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), Цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» № 77 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін, оны есепке алу және сақтау қағидаларын, сондай-ақ цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту көзделеді.

Қаулы цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау бойынша қызметті құқықтық реттеуге және инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz