Базалық лицензиясы бар банктер үшін активтердің шекті көлемі және жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәнін және базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлерін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII Қазақстан Республикасының жаңа Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Құжатта «Қазақстандағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына және
22-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәнін, сондай-ақ базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлерін белгілеу көзделеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.