Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы

Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Агенттік Басқармасының № 84 және Ұлттық Банк Басқармасының № 54 Бірлескен қаулысын қабылдады.

Құжат 2026 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді және қолданыстағы нормаларды өзектендіруге бағытталған және жаңа талаптарды енгізуді көздемейді.

Бірлескен қаулымен қарыздардың алуан түрлері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) қолданыстағы шекті мөлшерлері сақталады, атап айтқанда:

  • екіншідеңгейдегібанктер,банкоперацияларыныңжекелегентүрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін кепілсіз банктікқарыздар бойынша –46%;
  • кепілменқамтамасыз етілген банктікқарыздар бойынша – 35%;
  • ипотекалық тұрғын ұй қарыздары бойынша – 25%, 2026 жылғы
    1 шілдеден бастап – 20%;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46%.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты