Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қаржы ұйымдарының, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық есептілікті және қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 89 қаулыны қабылдады.
Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру мақсатында қабылданды.
Қаулымен мыналарды:
1) шоғырландырылған немесе шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жыл сайын жариялауға қойылатын талаптарды;
2) қаржы ұйымдарының жекелеген санаттарының бухгалтерлік есептілікті тоқсан сайын ашу тәртібін;
3) сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының есептілікті жариялау ерекшеліктерін;
4) банк және сақтандыру холдингтерінің есептілікті жариялауға қойылатын талаптарды;
5) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ашу тәртібін қоса алғанда, қаржылық есептілікті ашу тәртібін, тізбесін және мерзімдерін, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрамға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау (бұқаралық ақпарат құралдарында не ресми интернет-ресурстарда) нысандары мен тәсілдерін белгілейтін қаржылық есептілікті жариялау қағидалары бекітілді.
Қағидаларда акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымдар болмаған кезде шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті БАҚ-та және ресми интернет-ресурстарда жариялау мерзімдері белгіленген.
Өзінің ресми интернет-ресурсы жоқ микроқаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептілікті бейінді қауымдастықтың (одақтың) немесе өзге бейінді бірлестіктің интернет-ресурсында жариялауға құқылы.
Қаржылық және өзге де есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілеу қаржы ұйымдары қызметінің ашықтығын, салыстырмалылығын және халықаралық реттеу стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы