Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 28 сәуірде «Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» №85 қаулыны қабылдады.
Қаул Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 40-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулының мақсаты – әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк және ислам банкі үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есептеу әдістемелерін, сондай-ақ банктің қосымша нормативтері мен лимиттерін белгілеу.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz