Кредиттік бюролардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Кредиттік бюролардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы
2026 жылғы __ мамыр
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
27 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының нормалары іске асыруға бағытталған және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер болып табылатын кредиттік бюролар, ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылар үшін цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы