«Келешек» бағдарламасы бойынша балалардың біліміне қалай ақша жинауға болады?

«Келешек» бағдарламасы бойынша балалардың біліміне қалай ақша жинауға болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда қолданыстағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау бағдарламасы енгізілгенін еске салады.

Бағдарлама балалардың білім алуына арналған жинақтарды мемлекеттік қолдауды көздейді. Жинақталған қаражат жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруді қоса алғанда, Қазақстанда, сондай-ақ шетелде білім беру қызметтеріне ақы  төлеуге бағытталуы мүмкін.

«Келешек» бағдарламасына қатысушыларға сақтандыру шарты бойынша жинақ көлемі мемлекет тарапынан 5 жастағы балаларға біржолғы бастапқы білім беру капиталымен толықтырылады. Оның мөлшері жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 120 АЕК және қалған балалар үшін 60 АЕК құрайды. Бұл қаражат қосымша инвестициялық кіріс қалыптастыруға және білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған жинақтаудың жалпы сомасын ұлғайтуға ықпал ете отырып, ата-аналардың жеке жарналарымен және жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақымен қатар (5% немесе 7%) инвестициялауға жатады.

Бұл ретте бағдарламаға қатысушылар сақтандырумен қорғалады: ата-анасының табысынан айырылуына не оның қайтыс болуына байланысты сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сақтандыру ұйымы жинақтаудың нақты қалыптастырылған сомасына қарамастан баланың оқуының толық құнын төлеуге кепілдік береді.

«Келешек» бағдарламасына қатысудың міндетті шарты ата – аналардың жыл сайын ең төменгі жарнаны енгізуі болып табылады: әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін кемінде 12 АЕК және қалған қатысушылар үшін - 24 АЕК.

Көбірек пайдалы материал Fingramota.kz. сайтында қолжетімді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz