Цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидаларын, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 78 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.
Қаулымен ұстаушылардың әмияндары бойынша жасалған цифрлық операцияларды цифрлық қаржы активтерімен (бұдан әрі – ЦҚA) платформасы операторының цифрлық жүйесінде тіркеу арқылы ЦҚA мәмілелерді тіркеу тәртібі белгіленеді.
Қаулымен Орталық депозитарий ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде тіркелген ЦҚA мәмілелер туралы мәліметтерді көрсету ЦҚA платформасы операторынан алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылатыны және Орталық депозитарийдің ЦҚA ұстаушыларының тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу үшін алынған мәліметтерді пайдалану мүмкіндігі көзделетіні айқындалады.
Осы ретте ЦҚА-ға құқықтарды растау платформа операторының есеп жүйесінен және (немесе) орталық депозитарийдің тізілімдер жүйесінен ЦҚА иесіне қатысты мәліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, қаулыда ЦҚА бойынша құқықтар кепілі кепіл шарты және кепіл беруші мен кепіл ұстаушының тиісті өкімдері негізінде ЦҚА платформасы операторының есепке алу жүйесінде міндетті түрде тіркелуге жататыны белгіленеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы