Цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі туралы

Цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтері, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 20 сәуірдегі №75 қаулыны қабылдады.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жобамен Қазақстан Республикасында цифрлық қаржы активтерін (ЦҚА) шығаруды тіркеу, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі айқындалады, сондай-ақ оператордың платформасында ЦҚА шығаруды реттейтін негізгі ережелер белгіленеді.

Атап айтқанда, құжатта эмитенттің құжаттары негізінде платформа операторының ЦҚА шығарылымын тіркеу тәртібі көзделген. Сондай-ақ орналастыру нысанына байланысты шығару шарттарының мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді, оның ішінде эмитент пен платформа операторы туралы ашып көрсетілетін ақпараттың құрамы, шығарылым өлшемдері, цифрлық қаржы активтерін орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі, оларды ұстаушылардың құқықтары және олардың шығарылуына  байланысты негізгі тәуекелдер қамтылады.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz