Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен банктердің мәмілелер жасау тәртібін белгілеу туралы

Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен банктердің мәмілелер жасау тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 16 сәуірде «Банкпен, банк холдингімен, Қазақтан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы» №66 қаулы қабылдады.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 7-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 34-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулымен банктердің банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелер жасау тәртібін белгілеу көзделеді, оның ішінде мұндай мәмілелердің шарттары мен түрлері, қамтамасыз етуге және контрагенттердің қаржылық жағдайына қойылатын талаптар, қарыздар мен кепілдіктердің шекті мөлшерлері, бланкілік қарыздар бойынша шектеулер, директорлар кеңесінің мүшелерімен және ірі қатысушылармен жасалатын мәмілелер бойынша лимиттер, сондай-ақ мәмілелер құны бойынша шектеулер және мәмілелерді жеңілдіктіге жатқызудың қосымша критерийлері кіреді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің  сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz