Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану қағидаларын бекіту туралы

Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 16 сәуірде «Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану қағидаларын бекіту туралы» № 67 қаулы қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 3-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 35-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжат банк, банктік конгломератпен және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастары бар тұлғаларды тану тәртібін бекітуді көздейді. Қаулыда банктік қарыздар мен банктік кепілдіктердің шекті мөлшерлері айқындалады, олардан асқан жағдайда тұлғалар ерекше қатынастары бар тұлғалар деп танылады, жеке және заңды тұлғалардың байланысты болу белгілері, мұндай тұлғалар деп танылмайтын тұлғалардың тізбелері, сондай-ақ банктік конгломератпен ерекше қатынастары бар тұлғалардың тізбесі белгіленеді. Сонымен қатар, құжат тиісті талаптардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылуын көздейді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің  сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz