Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 14 сәуірде «Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №65 қаулы қабылдады.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 33-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы банктік конгломераттың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеуді, сондай-ақ банктік конгломераттың бас ұйымының аталған талаптардың консолидирленген негізде банктік конгломераттың қатысушылары тарапынан сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін бекітуді көздейді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің  сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz