Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу туралы» 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулыны қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-ө Өкімімен бекітілген құқықтық актілер тізбесінің 39-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулымен бейрезидент банктердің филиалдары үшін олардың қаржылық орнықтылығын қолданыстағы пруденциялық реттеуді сақтауды ескере отырып қамтамасыз ету, ерте ден қою шараларын ықпалдастыру және цифрлық қаржы активтерін дамыту мақсатында экономикалық шектеулер белгіленеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы