Заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні белгілеу туралы

Заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні белгілеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта   сақтандыру) ұйымдары филиалдарының   қызметін   реттейтін   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2026 жылғы 14 сәуірде № 64 қаулы қабылдады.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының, 41-бабы 3-тармағының, 50-бабы 10-тармағының, 105-бабы 7-тармағының сәйкес сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы «16» қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-ө өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 26-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулымен қаржы ұйымдарында (банктер, сақтандыру ұйымдары), бейрезидент банктердің филиалдарында, сондай-ақ, банктің құрылтайшылары мен акционерлеріне, ірі қатысушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленетін тұлғаларға қатысты талап етілетін ең төменгі рейтингтің болуы талап етіледі, олар сонымен қатар  тиісті рейтингке ие болуға және (немесе) рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір тәуелсіз рейтингі бар мемлекеттің резиденттері болуға тиіс.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz