Банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары бекітілді

Банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары бекітілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 10 сәуірде «Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №63 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2 тармағына және 127-бабының үшінші бөлігін іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулымен банктерде мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі белгіленеді.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты