Банктерді қайта ұйымдастыруға және таратуға, ислам банкіне айналдыруға, бейрезидент-банк филиалдарының қызметін тоқтатуға рұқсат беру қағидалары және жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және аудару тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы 2026 жылғы 3 сәуірде «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібін бекіту туралы» №49 қаулыны қабылдады.
Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мақсатында қабылданды.
Құжат өзекті сипатқа ие және қолданыстағы қағидаларды қайта бекітуге және оларды заңнаманың жаңартылған нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған.
Басқарманың қаулысымен банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе бейрезидент-банк филиалына аудару қағидалары бекітілді.
Бұдан басқа, қағидаларда банкті не банк холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсат алу тәртібі, өтініш берушіге рұқсат алу үшін орындалуы қажет қажетті іс-шаралар тізбесі, қажетті құжаттар тізбесі, өтініш нысандары айқындалады.
Қаулыны қабылдау Банктер туралы заңның нормаларын іске асыруға бағытталған және банк депозиторларының құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы