Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» № 15 қаулыны қабылдады. Құжат Банктер және банк қызметі туралы заңның 9-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулыда банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесі белгіленген.
Офшорлық аймақтар деп жеңілдікпен салық режимін ұсынатын және (немесе) қаржылық операцияларды жүргізу барысында ақпаратты ашуды және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.
Офшорлық аймақтардың тізбесін реттеуші қаржы ұйымдарының акционерлері мен бенефициарлық меншік иелерінің меншік құрылымының ашықтығын және іскерлік беделін бағалау кезінде, ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін беру мәселелерін қарау кезінде, сондай-ақ банктердің қарыз операцияларын талдау кезінде қолданады. Тізбені пайдалану қаржылық операциялардың ашықтығының жоғарылау тәуекелдерін ескеруге мүмкіндік береді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.