Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саясатына қойылатын талаптар туралы

Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саясатына қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есепке жазу бойынша ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» № 43 қаулыны қабылдады. Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 1-тармағын «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4-тармағының 2-бөлігін және 34-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулыда қаржы ұйымдарының еңбекақы төлеу және басшы қызметкерлерді материалдық көтермелеу жөніндегі ішкі саясатына бірыңғай талаптар белгіленген.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Қызмет бағыты