Сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 7 сәуірде «Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 57 қаулы қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді.
Қаулымен Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар белгіленеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы