Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 7 сәуірде «Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу қағидаларын, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу тәртібін бекіту туралы» №58 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 68-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулымен Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) бір бөлігін не толық мөлшерде беру және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидалары, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері белгіленеді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz