Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 3 сәуірде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 40 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» №52 қаулыны қабылдады.

Жоба әлеуметтік Кодекстің 59-бабын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 32-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулыны енгізу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқаруға бірыңғай және ашық талаптар жасауға, қадағалаудың тиімділігін арттыруға және реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкестікке бағытталған.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің  сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz