Банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерін тағайындау және олардың қызметін жүзеге асыру қағидалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 3 сәуірде «Банкті басқару жөніндегі, сондай-ақ банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті тағайындау және оның қызметі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және өкілеттіктері қағидаларын, Банкті басқару жөніндегі, сондай-ақ банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілік және өзге де ақпарат, банкті басқару жөніндегі, сондай-ақ банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілік және өзге де ақпарат ұсыну тізбесі, нысандары мен мерзімдерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 48 қаулыны қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 84-бабының 7-тармағына және 101-бабының 5-тармағына іске асыру мақсатында қабылданды.
Қаулымен банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі, сондай-ақ банкті банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік көзделеді.
Банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен өкілеттіктері айқындалады, сондай-ақ банкті банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің уәкілетті органға ұсынатын есептілігі мен өзге де ақпараттың тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері және ұсыну тәртібі белгіленеді.
Қаулыны толық мәтінімен Агенттік сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы