Банктерді мемлекеттің қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтаруға ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы

Банктерді мемлекеттің қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтаруға ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы 2026 жылғы 20 наурызда «Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің екінші деңгейдегі банктің акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту шарттарын бекіту туралы» № 18 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы балансында мемлекеттің қолдау қаражаты бар екінші деңгейдегі банктерге қолданылады және банктерді қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға ынталандыруға бағытталған. Көрсетілген нормативтік құқықтық акт пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, екінші деңгейдегі банктердің өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу шарттарын, сондай-ақ ірі қатысушылар мен банк холдингтері тарапынан банк акцияларына тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін азайту шарттарын регламенттейді.

Қаулы талаптарына сәйкес мемлекеттің қолдау қаражатынан алынған кірістер есебінен дивидендтер төлеуге тыйым салу белгіленді. Дивидендтерді төлеу мемлекеттік қолдау шеңберінде қабылданған банктердің міндеттемелері бойынша дисконтты шегергендегі меншікті капиталдың оң қалдығы болған кезде ғана мүмкін болады.

Бұл ретте банктер пайданы бөлу кезінде мемлекеттің қолдау қаражатын меншікті капиталындағы дисконт үлесіне тепе-тең мөлшерде, бірақ төленетін дивидендтер сомасының немесе банктің өз акцияларын кері сатып алу сомасының кемінде 100%-ы мөлшерінде  мерзімінен бұрын қайтаруды қамтамасыз етуге тиіс. Көрсетілген норма банктерді мемлекеттік қолдау қаражатын барынша тез қайтаруға ынталандырады, өйткені Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 21 қаулысының[1] бұрын қолданылған нормалары мемлекеттің қолдау қаражатын қайтару үлесін төленетін дивидендтер сомасының немесе акцияларды кері сатып алу сомасының 10%-66% мөлшерінде көздейтін болған.

Сондай-ақ, Қаулыда оған сәйкес банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын иелену үлесін сатуы (азайтуы) мемлекеттің қолдау қаражатын толығымен мерзімінен бұрын қайтарған кезде не банктің ірі қатысушысының не банк холдингінің иеленетін тұлғадан мемлекеттің қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтару мерзімдері мен оны қайтару үшін пайдаланылатын қаражат көздерін көрсете отырып, банктің мемлекеттің қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, банктік мемлекеттің қолдау қаражатын қайтару жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау туралы жазбаша растамасын алған жағдайда мүмкін болатын талаптар енгізілген.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттік сайтында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

 

 

[1] «Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазу, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 21 қаулысы