Электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 20 наурыздағы №12 «Банктік және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда платформасында аукциондар өткізу, оның ішінде саудаға қатысушылардың аукционға қойылған мүлік туралы ақпаратты ашу ережелерін бекіту туралы» Қаулы қабылдады.
Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңның күшіне енуіне байланысты қабылдады.
Құжат өзекті сипатта және қолданыстағы қағидаларды жаңартылған заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.
Қағидалар банктердің, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерді және талап ету құқықтарын сату бойынша сауда-саттық жүргізу тәртібін реттейді.
Сонымен бірге құжатта бірнеше объектілерді кейіннен бір сауда шеңберінде өткізе отырып, бір лотқа біріктіру тәртібін қоса алғанда, жекелеген ережелер нақтыланған.
Қағидаларды қайта бекіту стрестік активтерді өткізу рәсімдерінің құқықтық келісілуін қамтамасыз етуге және электрондық сауда алаңы жұмысының қолданыстағы тетіктерін сақтауға мүмкіндік береді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттік сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы