Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық және өзге де есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қаржы ұйымдарының қаржылық және өзге де есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы
2026 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық және өзге де есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
9-7-бабында көзделгенережелерді іске асырумақсатындаәзірленді.
Қаулы жобасы қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық және өзге де есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін айқындайды.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы