Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мақсатында дайындалды.

Жоба жүйелі сипатқа ие және Агенттіктің банктердің тұтынушылармен өзара іс-қимылының жекелеген аспектілерін реттейтін бұрын қолданыста болған 6 нормативтік құқықтық актісінің ережелерін бірыңғай нормативтік құжатқа біріктіреді.

Жобада тұтынушымен өзара іс-қимылдың барлық кезеңінде қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашуға қойылатын бірыңғай талаптар бекітіледі.

Сондай-ақ, жобада банктердің адал іс-қимыл қағидаттарын, жауапкершілікпен кредит беруге қойылатын талаптарды бекітуді қоса алғанда, іс-қимылды қадағалауды дамытуға бағдарланған реттеудің жаңа элементтері енгізіледі.

Сонымен қатар, жобада жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі және берешекті өндіріп алу кезінде жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар белгіленеді.

Қаулы жобасы банк секторындағы қызметтің айқындылығын арттыруға және жосықсыз практикалар тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Қаулының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты