Цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Цифрлық қаржы активтердің эмитенттері мен инвесторларына және цифрлық қаржы активтердің шығарылымы туралы шешіміне, жеке тұлғаларды цифрлық қаржы активтермен мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында білікті инвесторлар деп танудың тәртібі мен шарттарына талаптарды, сондай-ақ білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтердің тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде бағалы қағаздар, соның ішінде туынды бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, өзге де цифрлық қаржы активтері), қаржы активтері, мүліктік құқықтар (талап ету құқықтары), тауарлар және (немесе) ақшаны (олардың баламаларын) қоспағанда өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптар, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтеріне қойылатын талаптар белгіленеді.

Сонымен қатар көрсетілген цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттары айқындалады.

Сондай-ақ құжатқа сәйкес білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген көрсетілген цифрлық қаржы активтердің тізбесі белгіленеді.

Құжаттың мәтінімен Агенттік сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz