Цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі туралы

Цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтері, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу шарттары мен тәртібін бекіту туралы»АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жобамен Қазақстан Республикасында цифрлық қаржы активтерін (ЦҚА) тіркеу, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібі айқындалады, сондай-ақ оператор платформасында ЦҚА шығаруды реттейтін негізгі ережелер белгіленеді.

Атап айтқанда, құжатта эмитенттің құжаттары негізінде ЦҚА шығарылымын тіркеу тәртібі көзделген. Сондай-ақ орналастыру нысанына байланысты шығару шарттарының мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді, оның ішінде эмитент пен платформа операторы туралы ашып көрсетілетін ақпараттың құрамы, шығарылым өлшемдері, цифрлық қаржы активтері иелерінің құқықтары, оларды орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі, сондай-ақ олардың шығарылуымен байланысты негізгі тәуекелдер қамтылады.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz