Цифрлық қаржы активтерінің базалық активін айқындау, есепке алу және сақтау тәртібі және оны сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активтерінің базалық активі ретінде әрекет етуі мүмкін мүліктің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау тәртібін және ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау бойынша ұйым ретінде әрекет ету құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба «Қаржы нарығын, коммуникацияларды және банкроттықты реттеу және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобада цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін, оны есепке алу және сақтау қағидаларын, сондай-ақ цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту көзделеді.
Жоба Цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау жөніндегі қызметті құқықтық реттеуге және инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы