Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары бойынша есептерді ұсыну тізімін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін бекіту туралы

Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары бойынша есептерді ұсыну тізімін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының
6-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-2-бабының 6-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 64-1-бабының
6-тармағын және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 6-тармағын іске асыру үшін дайындалды.

Жобамен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары бойынша есептіліктің біріздендірілген нысандары енгізіледі, оны ұсынудың кезеңділігі мен мерзімдері, электрондық форматы, сондай-ақ есептік деректердің толықтығы мен дұрыстығына қойылатын талаптар белгіленеді.

Есептілікті ұсынатын қаржы ұйымдарының типі айқындалады және қаржы өнімдері, жолданымдардың тақырыптары мен жүгіну себептері, сондай-ақ олар бойынша қабылданған шаралар бойынша оны қалыптастырудың біріктірілген форматы бекітіледі.

Деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз ету үшін барлық қаржы ұйымдары қаржы нарығының тиісті секторларын қолдануы үшін міндетті көрсеткіштердің бірыңғай жіктеуіші енгізіледі.

Қайталанған жолданымдарды көрсету қағидаларын қоса алғанда, тұтынушылардың жолданымдарын есепке алудың бірыңғай тәртібі белгіленеді, сондай-ақ есептілікке енгізуге жатпайтын жолданымдардың тізбесі айқындалады.

Қаулы жобасы қаржы нарығында іс-қимылды қадағалау және тәуекелдерді талдау үшін алынатын деректерді пайдалануды қамтамасыз ететін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары бойынша есептіліктің бірыңғай және салыстырмалы жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы  

press@finreg.kz

Қызмет бағыты