Банкке, бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасын іске асыру мақсатында дайындалды.
Қаулы жобасында банк ұсынатын мәліметтер шегінде дұрыс хабардар етуді, дербес деректердің конфиденциалдылығын қамтамасыз етуді, агенттерді тізілімнен шығару негіздерін қоса алғанда,
клиенттерді тарту, клиенттердің құжаттарын қабылдау, тексеру және банктерге беру бойынша қызметтер көрсететін банктердің уәкілетті агенттерінің қызметіне қойылатын жаңартылған талаптар, уәкілетті агенттің клиенттермен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне қойылатын талаптар белгіленеді.
Қаулы жобасы банк секторындағы агенттік қызметтің ашықтығын арттыруға және клиенттерді тарту кезінде жосықсыз практикалардың тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы