Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және цифрлық қаржы активтері нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және цифрлық қаржы активтері нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және цифрлық қаржы активтері нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыру қағидаларына, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыру қағидаларына, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Құжат цифрлық қаржылық активтерді дамыту және енгізу жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ оларды шығару, есепке алу және айналымы үшін құқықтық және институционалдық негіздерді қалыптастыруды ескере отырып әзірленді.

Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының жаңа түрлеріне қолданыстағы реттеуді бейімдеуге, қаржы нарығы қатысушыларының өкілеттіктері мен функцияларын нақтылауға, сондай-ақ цифрлық қаржылық активтерді есепке алу, сақтау және айналымы бөлігінде құқықтық айқындық пен реттеудің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру қағидаларын цифрлық қаржылық активтермен операциялар жүргізуге рұқсат беру және цифрлық қаржылық активтер нарығын дамыту бөлігінде Заң талаптарына сәйкестендіру көзделеді.

Сондай-ақ жоба Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII «Қаржы нарығын, байланыс және банкроттықты реттеу және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес редакциялық түзетулерді көздейді..

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz