Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы

Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді  жетілдіру туралы

Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба микроқаржы және коллекторлық қызмет саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынады.

Атап айтқанда, түзетулер микроқаржы ұйымдары басшыларының мінсіз іскерлік беделі мен жұмыс тәжірибесін бағалау талаптарын белгілеуге бағытталған. Сондай-ақ, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы уәкілетті органды хабардар ету бойынша талаптарды белгілейді.

Бұдан басқа, қаулылардағы сілтемелерді өзектендіру бойынша редакциялық өзгерістер енгізіледі.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты